Өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 724 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасында.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 127
  • Алматы қаласында - 53
  • Шымкент қаласында – 15
  • Ақмола облысында – 55
  • Ақтөбе облысында - 1
  • Алматы облысында - 38
  • Атырау облысында - 7
  • Шығыс Қазақстан облысында - 25
  • Жамбыл облысында - 10
  • Батыс Қазақстан облысында - 13
  • Қарағанды облысында - 125
  • Қостанай облысында - 80
  • Қызылорда облысында - 5
  • Маңғыстау облысында - 1
  • Павлодар облысында - 87
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 73
  • Түркістан облысында - 9.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 973 769-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 231 науқас ауруынан жазылған.

Қазір елімізде 24 884 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 199 пациент стационарда, 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

373 адамның жағдайы ауыр, 93 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 55 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945059-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyqtyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/