Ғалымдар көру қабілетін нашарлататын өнімдерді атады

Опубликовано:

Көз
Көрнекі фото: pixabay.com

The American Journal of Pathology басылымы кейбір тағамдарды мөлшерден тыс пайдалану көзге зиянын тигізуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды MK.ru.

Ақ нан

Жоғары сапалы бидай ұнынан жасалған ақ нанның құрамында көп мөлшерде тазартылған крахмал бар, бұл инсулиннің көбірек бөлуіне әсер етеді, салдарынан көзге де теріс әсер етуі мүмкін дейді мамандар.

Мәселен зерттеу авторлары кейбір науқастарда инсулинді қарқынды емдеу кезінде көру қабілеті нашарлауы мүмкін екенін анықтаған.

Жылдам көмірсулар

Ғалымдардың сөзінше, нан өнімдері, тәттілер, макарон өнімдері және тазартылған күріш инсулинің артуына әкелуі мүмкін. Мамандардың зерттеуінше, бұл көздің ішкі тор қабығына кері әсер етеді.

Алкоголь

Алкогольді мөлшерден тыс ішу қан тамырларын тарылтады және көздің қан айналымын бұзады екен.

Чипстер және газдалған сусындар

Ғалымдардың дерегінше, газдалған сусындар мен чипстердің құрамында ағзаға және көзге зиянды қоспалар, хош иістер, дәм күшейткіштер және консерванттар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945078-galymdar-kozdin-koru-qabiletin-nasarlatatyn-onimderdi-atady/