Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайырымды жандар 40 жыл жазықсыз түрмеде отырған азаматқа 1,7 млн доллар жинап берді

Опубликовано:

жазықсыз азамат
Кадр: Хабар24

АҚШ-та қайырымды жандар қолдау көрсету үшін түрмеде жазықсыз 40 жыл отырып шыққан азаматқа 1 миллион 722 мың АҚШ долларын жинап берді, деп хабарлайды Хабар24.

GoFundMe сайтында жарияланған қайырымдылық акциясы әділетсіздіктің құрбанына айналған Кевин Стрикленд есімді азаматтың жазықсыз екендігі дәлелденген соң ұйымдастырылған.

Айта кетсек, Кевин Стрикленд 1979 жылы 18 жасында Канзас Ситидегі үш адамды өлтірді деп айыпталып, жазықсыз абақтыға жабылған.

Сот ешқандай физикалық дәлел болмағанымен, жалғыз ақ нәсілді куәгердің сөзіне сүйеніп үкім шығарған. Алайда араға талай жылдар салып, куәгер азаматша детективтердің қысым жасап, салдарынан жалған куәлік бергенін мойындаған.

Бостандыққа шыққан Кевин қазір 62-де. Ол осы уақытқа дейін әділеттіліктің орнайтынына сенбеген.

"Мұндай күннің туарына сенген жоқпын. Полиция офицерлері мені басынып, әділетсіздік жасады. Ол уақытта мұндай дүниелерді жасау оңай болатын. Соттың 1978 жылы шын мәнінде не болғанын анықтап, ақ-қарасын ажыратқаны үшін алғыс айтамын. Менің ісім бойынша сот отырысы болады деген хабарды естігенімде, түрмеде опера қарап отырған едім. Істі шынымен қайта қарап жатыр дегенге сене алған жоқпын", - дейді Кевин Стрикланд.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945086-qaiyrymdy-zandar-40-zyl-zazyqsyz-turmede-otyrgan-azamatqa-17-mln-dollar-zinap-berdi/

pixel