"Енесіне ашуланған": Павлодар тұрғыны 67 жастағы қайын енесімен жанжалдасып қалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда енесі мен күйеу баласы төбелесті. Аталған факті бойынша жанжалға қатысушы екеуіне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы тұрғын полицияға қоңырау шалып, қайын енесі баласының қолын кесіп тастағанын айтып, шағымданған.

"Шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы күйеу баласы енесінен балаларымен бірге отыруды өтінгенін анықтайды.
67 жастағы зейнеткер немересіне сабақ қарауға көмектесу кезінде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған.
Үйге оралған күйеу баласы ұлының саусағындағы қанды көріп, ашумен қайын енесіне наразылық білдіре бастаған.
Туыстар арасындағы қарым-қатынасты нақтылау барысында ауызша жанжалдасып, төбелесіп қалған, - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Бүгінде аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

Айта кетелік, қазіргі уақытта отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 3837 азамат жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945101-enesine-asulangan-pavlodar-turgyny-67-zastagy-qaiyn-enesimen-zanzaldasyp-qaldy/