Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеме 20 пышақ жарақатын салды": Қостанайлық ару кафеде болған жантүрішгерлік оқиғаны айтып берді

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанайда кафені жалға алушы мерекелік кештердің бірінде 20 пышақ жарақатын алған. Оның туыстары әлеуметтік желіде қылмысты тергеуді бақылауға алу туралы өтініш жасады. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зардап шеккен ер адамның қызы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Менің әкеме Қостанайда 20 пышақ жарақатын салды. Маған, бала ретінде бұл жағдай ауыр тиді. Мен бәрі әділ шешілгенін қалаймын. 20 пышақ жарақаты - бұл қалжың емес", - дейді ол.

Бойжеткеннің сөзінше, оқиға 27 қарашада болған. Ер адамның бауыры, асқазаны мен өкпесіне зақым келген. Күдікті шабуыл жасаған соң жедел жәрдем шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Әкеме ауыр ота жасалды, содан кейін жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір жалпы палатаға ауыстырды", - дейді ол.

Айтуынша, 30 қараша күні әкесі полицияға арыз жазған. 1 желтоқсанда тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, қамауға алған. Осы ретте, бойжеткен жантүршігерлік қылмысқа назар аударуды сұрады.

Оның жазбасына қатысты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь жауап берді.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, Қостанай полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында отыр. Екі таныс адамның арасындағы жанжал спирттік ішімдік ішкеннен кейін болғаны анықталды", - деді Ирина Беженарь.

Ол тергеу мүддесіне байланысты басқа мәлімет жария етілмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945116-akeme-20-pysaq-zaraqatyn-saldy-qostanailyq-aru-kafede-bolgan-zanturisgerlik-oqigany-aityp-berdi/

pixel