Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 4-6 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін.

5-6 желтоқсанда Республиканың бірнеше облысында тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Қар жауып, көктайғақ, тұман түсіп, солтүстік жартысында бұрқасын болады.

  • Батыста ауа температурасы түнде -5 градус аяз бен +3 градус жылы, күндіз -3 градус аяз бен +5 градус арасында болады.
  • Солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді. Түнде -6 градус аяз +3 градустан -3-11 градус аязға дейін құбылады, күндіз 0-8 градус аяз күтіледі.
  • Солтүстікте сынап бағанасы түнде -5-13 градустан -10-18 градус аязға дейін, күндіз -2-10 градустан -5-13 градусқа дейін төмендейді.
  • Республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы түнде -5-13 градустан -10-20 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-10 градус аяз болады.
  • Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -2 градус аяз бен +7 градус жылы болса, күндіз +2-12 градус болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945140-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-20-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/

pixel