Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қызметіне оралған прокурор жұмыстан қайта шығарылды

Опубликовано:

Прокурор орны
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облыстық прокуратурасы Железин ауданының прокуроры Кәрім Шугаев тағы да қызметтен босатылғанын хабарлады. Шешім апелляциялық сатыда қабылданған. Ол жұмысқа оралған соң бір айға жуық уақыт жұмыс істеп үлгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Железин ауданының прокуроры бақылау органының ғимаратында полицей өз иығына оқ атқан соң жұмысынан айырылған еді.

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша екі адам - Кәрім Шугаев пен Әлібек Айтжанов қызметінен босатылған болатын.

Қазан айының ортасында Шугаев сотқа өз қызметін қалыпқа келтіру талабымен арызданғаны белгілі болды. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты жұмысынан айырылған қызметкердің пайдасына шешім қабылдаған. Алайда, Шугаев өз лауазымында көп уақыт еңбек ете алмаған.

"Железин ауданының прокуроры Шугаев бірінші сатылы сот шешімі бойынша қызметіне қайта оралды, алайда жақында апелляциялық қарау өтіп, бірінші сатының шешімі жойылды, ол прокуратурадағы қызметінен кетті", - деді Павлодар облысы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Кокумбаев Асхат.

Айта кетейік, Железин ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Әлібек Айтжанов та қызметіне оралғысы келген, алайда оның өтініші қабылданған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945159-pavlodar-oblysynda-qyzmetine-oralgan-prokuror-qaita-zumystan-sygaryldy/

pixel