Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды. Тиісті мәлімдеме азаматтық авиация комитетінің Telegram парақшасында пайда болды.

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады", - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945165-qazaqstan-men-kuveit-arasynda-aue-qatynasy-asyldy/