Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны 185 тонна кальян темекісін контрабандалағаны үшін сотталды

Опубликовано:

Кальян
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы тұрғыны 185 тонна кальян темекісін контрабандалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Контрабанда — бұл белгілі бір мемлекеттің аумағына шекарадан өту кезінде міндетті түрде декларациялануға жататын заттар мен ақша қаражатын заңсыз әкелу немесе шетелге әкету.

Экономикалық контрабанда үшін қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері кальянға арналған темекінің экономикалық контрабандасын жасаған азамат Э. Ражаповқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 185 тонна кальянға темекіні Түрік Республикасынан Қазақстанның (Алматы қаласы) кеден аумағына заңсыз әкелу дерегі анықталды. Темекі Қазақстанның кеден заңнамасын бұза отырып, мақта иірімжібінен жасалған мата түрінде әкелінген.

Тергеу барысында Э.Ражаповтың жалған құжаттарды қолданғаны, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшін дұрыс декларацияламағаны дәлелденді.

Кальянға арналған темекінің кедендік құны 620 млн теңгеден асады. Э.Ражапов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945167-almaty-turgyny-185-tonna-kalyan-temekisin-kontrabandalagany-usin-sottaldy/

pixel