Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қаққан: Оқиғаның видеосы желіде пайда болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Лада

Ақтау қаласында жаяу жүргіншілер жолағында қыз баланы көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсуде, деп хабарлайды Лада.

Басылым мәліметінше, жол көлік оқиғасынан зардап шеккен қыздың жағдайы өте ауыр. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

"Кеше, 2 желтоқсан күні сағат 21:53 шамасында Ақтау қалалық полиция басқармасына 12-шағын ауданда жол-көлік оқиғасының болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Toyota Sienna көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағындағы тұрғынды қағып кеткен. Зардап шеккен 28 жастағы қыз Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 миллион 800 мың теңгеден астам) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Дәл осы мерзімге түзету жұмысына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945200-aqtauda-kolik-agastardy-qiratyp-qyzdy-qaqqan-oqiganyn-videosy-zelide-paida-boldy/

jitsu gif