Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов LRT құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді

Опубликовано:

ЛРТ
Кадр: Хабар 24

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ өткен брифингте қала билігі LRT құрылысына ақша тарту үшін банктер консорциумымен жұмыс жүргізуді жалғастырып жатқанын айтты. Сөзінше, жобаға әлі 1 млрд доллар жетпейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкім LRT жобасы аяқталатынын айтты.

"Қазір инвестиция тарту жалғасуда. Жоба 1,8 млрд доллар тұрады. Оның 347 миллионы жүзеге асырылды. Бастапқыда Қытай банкінен 4,9 пайызбен несие алынды. Содан кейін үнемдеуге шешім қабылдап, еліміздегі екінші деңгейлі банктерден 3,25 пайызбен несие алдық.

Осылайша, біз қызмет көрсетуге 800 млн доллар ақша үнемдедік. ЕРС келісімшарты бойынша 200 млн доллар, сондай-ақ станциялар мен жылжымалы құрамды қысқарту арқылы 150 миллион доллар үнемдедік", - деді әкім.

Тағы 1 млрд доллар тарту үшін астана билігі банктермен жұмыс істеуде, бірақ бұл туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.

"Банктермен жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ олардың өтініші бойынша әзірге жария етпейміз. Келісімшартқа қол қойған соң барлық ақпаратты береміз", - деді Көлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945206-altai-kolginov-lrt-qurylysyna-qatysty-suraqtarga-zauap-berdi/

pixel