Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде BMW тізгіндеген қыз аялдаманы қиратып тастады (фото)

Опубликовано:

Аялдама
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде BMW көлігін тізгіндеген 25 жастағы қыз жол белгісін соғып, аялдаманы қиратқан. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол апаты өткен түні болған. 25 жастағы жүргізуші қыз BMW көлігімен әуежайдан Бөгенбай даңғылы бойымен келе жатқан.

№7 консультациялық-диагностикалық орталығына қарама-қарсы бетте жол ережесін бұзған ол жол белгісі мен аялдаманы соғып кеткен.

Жол апатынан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Аялдама
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Еске сала кетсек, Алматыда полиция ғимаратының алдында жас жұпты қымбат көлік қағып кеткен еді.

Куәгерлердің айтуынша, жол апатына дейін Lexus жүргізушісі Өтеген батыр көшесінің бойымен оңтүстікке қарай жылдамдықты қосқан. Бұл уақытта жас жігіт пен сүйіктісі жаяу жүргіншілер жолағымен жолдың келесі бетіне өтіп бара жатыпты.

Осыдан кейін көлік екі жасты соққан.

Жол апаты салдарынан 2000 жылы туған жас жігіт жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Ал қыз бала ауыр жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945215-aqtobede-bmw-tizgindegen-qyz-ayaldamany-qiratyp-tastady-foto/

pixel