Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 зейнетақы жинағын қанша қазақстандық пайдалана алады: БЖЗҚ жауап берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

БЖЗҚ төрағасы ресми түсініктемесінде ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуы немен байланысты екенін түсіндіріп, 2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының, ең төменгі зейнетақының, ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруін ескере отырып, ең төменгі жеткіліктілік шегі сияқты көрсеткішті қайта есептеу жүргізіледі", - деді БЖЗҚ төрағасы Жанат Құрманов.

Құрманов мұндай рәсім жыл сайын өткізілетінін де атап өтті. Өйткені бұл салымшының жинақтаушы зейнетақысы ең төменгі зейнетақыдан төмен емес болуын қамтамасыз ету үшін зейнетақы шотында қалуға тиіс сома, дейді ол.

"Әлеуметтік параметрлердің өзгеруін ескере отырып, ең төменгі жеткіліктілік шегі үкімет қаулысымен бекітілген әдістеме бойынша жыл сайын қайта есептеледі деп болжанып отыр", - деді ол.

БЖЗҚ төрағасы 2022 жылы жеткіліктіліктің ең төменгі шегі артқаннан кейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспанаға және емделуге қанша қазақстандық ала алатынын айтты.

"Жалпы, 2022 жылы ең төменгі жеткіліктіліктің жаңа шегін ескере отырып, өз зейнетақы жинағын пайдалана алатын адамдар саны шамамен 582 мың адамды құрайды. Ал алуға қолжетімді жинақтардың жалпы сомасы шамамен 900 млрд теңге",- деді қор өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945225-2022-zeinetaqy-zinagyn-qansa-qazaqstandyq-paidalana-alady-bzzq-zauap-berdi/

pixel