Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмедегі інісіне темекімен бірге апиын тасыған жігіт ұсталды

Опубликовано:

Апиын
Фото: Polisia.kz

Түрмедегі інісіне темекімен бірге апиын тасыған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде тұтқындағы бауырына темекінің арасына жасырып, апиын тектес таблеткалар өткізбекші болған жігіт ұсталды.

Мұндай нашақорлар арасында сұранысқа ие таблетканы түрмедегі бауырына тасымалдаушы Мәлік деген жігіт болып шықты.

Мәліктің інісі осы жылдың қазан айында Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін тұтқындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945230-turmedegi-inisine-temekimen-birge-apiyn-tasygan-zigit-ustaldy/

pixel