Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір мемлекет Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады

Опубликовано:

Тестілеу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан мен Индонезия СOVID-19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара тану туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін онлайн-режимде Health Business Gathering форумы өткен.

Оның барысында еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезия республикасының денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин COVID -19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара мойындау туралы меморандумға қол қойған.

Министрлік Қазақстан өзге де елдермен вакцинация паспорттарын өзара мойындау жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанның вакцинация паспортын әлемнің 20 елі мойындаған.

Олардың қатарында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Белоруссия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстония мемлекеті бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945233-tagy-bir-memleket-qazaqstannyn-vakcinaciya-pasportyn-moiyndady/

pixel