Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов растады. Оның сөзінше, келеңсіз жағдай 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болған.

"Ланд Крузер Прадо көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", - деді ол.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ерболат Сарқұлов мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет екенін ескертті.

Оның сөзінше, жүргізуші жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенет шыққан жағдайда да әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945269-aqtobede-kolik-qaqqan-mektep-oqusysy-oqiga-ornynda-koz-zumdy/

pixel