Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

5 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 05 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, күші 15-20 м/с.

5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 05 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945288-tuman-koktaigaq-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/