Атырауда тергеуге келген жігіт полиция ғимаратынан шыққан күйі жоғалып кетті

Опубликовано:

Жігіт
Фото: azh.kz

Атырауда 1 желтоқсан күні 21 жастағы жігітті қалалық полиция басқармасына тергеуге шақырған. Сол жерден шыққан ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде жігіттің фотосы мен деректері жарияланды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылымның жазуынша, Атырау тұрғынын тергеуге кім ретінде шақырғаны белгісіз.

Ақпараттарға сүйенсек, жас жігіт дәлізде біршама уақыт отырған. Содан кейін көшеге шыққан ол жақындарымен хабарласпаған.

Жігіттің анасының айтуынша, соңғы рет ол ұлымен 30 қараша күні кешкі сағат 19 шамасында сөйлескен. Кейінірек, оның телефоны сөндірулі болған.

Сонымен қатар, жоғалған ер адамды полиция қызметкерлері іздестіріп жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945298-atyrauda-tergeuge-kelgen-zigit-policiya-gimaratynan-syqqan-kuii-zogalyp-ketti/