Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында 51 жастағы ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Іле ауданының Междуреченск ауылында болған.

"27 қараша күні Іле ауданының 51 жастағы тұрғынына қатысты тергеу басталды. Оның үстінен адам өлтірді деген баппен іс қозғалды. Алды ала тергеу мәліметі бойынша, екі ер адам бірігіп ішімдік ішкен, соңы жанжалға әкеліп, 51 жастағы адам бөтелкелесінің тамақ тұсына пышақ жарақатын салған.

Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Айтуынша, ол қылмыс жасағанына қатты өкінеді. Ішімдіктің буымен осындай қылмысқа барғанын айтады",- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.

Қазір күдікті қамауға алынды. Ол жәбірленушіге жедел жәрдемді өзі шақырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945300-almaty-oblysynda-botelkelesin-oltirdi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel