Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларын тастап, ішіп кеткен": ШҚО-да үш баласын суық үйге қамап қойған әйелдің әрекеті жаға ұстатты

Опубликовано:

Балаларын қараусыз қалдырған ана
Балаларын қараусыз қалдырған ана: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында үш баласын үйде қараусыз қалдырып, суық үйге тастап кеткен ананың әрекеті көпшілікті шошытты. Бұл туралы altaynews.kz жазады.

27 қарашада бесқарағайлық тәртіп сақшылары "қолайсыз отбасы" санаты бойынша есепте тұрған отбасыларды тексеру барысында үйде қараусыз қалған 9, 7 және 3 жастағы кәмелетке толмаған балаларды анықтады.

Біраз уақыттан кейін балаларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде тастап кеткен анасы, мас күйде үйге оралған.

Полиция қызметкері бұл жағдайды бей-жай қалдырмай, кәмелетке толмаған екі баланы «Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-ге, ал ең кіші 3 жасар баланы Семей қаласының балалар үйіне орналастырды.

Бірнеше рет өткізілген әңгімелесулер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімдерінен кейін тиісті қорытынды жасамаған жалғызбасты ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945308-balalaryn-tastap-isip-ketken-sqo-da-us-balasyn-suyq-uige-qamap-qoigan-aieldin-areketi-zaga-ustatty/

pixel