Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Pfizer вакцинасын алғысы келетіндерді тіркеу басталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматылықтар Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинасын қаладағы үш емханада ғана ала алады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ресми сайтында хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, көрсетілген санатқа жатпайтын (12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер), бірақ Pfizer компаниясының Comirnaty екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтарға Алматы қаласында төменде көрсетілген 3 емханада ғана жүзеге асырылады:

  • №5 қалалық емхана – 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141.
  • №7 қалалық емхана – 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі, 14.
  • №5 қалалық клиникалық аурухана – 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp), мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бүгінгі таңда жоғары көрсетілген МСАК Pfizer (Comirnaty) екпесін ақылы алуға ниет білдірушілердің жазбасы жүргізілуде. Бағасы әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945332-almatyda-pfizer-vakcinasyn-algysy-keletinderdi-tirkeu-bastaldy/

pixel