Нұр-Сұлтанда бәс тіккен жігіт сауда орталығының субұрқағына секірді (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: t.me/astanovka98

Қазнетте жігіттің сауда орталығының субұрқағына секіріп кеткен видеосы пайда болды. Бұл іске қатысты Нұр-Сұлтан полициясы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Astanovka98 арнасы жариялады. Жазба авторлары видеоның кейіпкері мұндай әрекетке бәстескен соң барғанын алға тартады. Мәліметтері ашылмаған жұмбақ бәс туралы полицияда да хабарланды.

"Анықталғандай, 19 жастағы елорда тұрғыны достарымен жанжалдасып, бірінші қабатта орналасқан субұрқаққа секіріп кеткен. Орталыққа келушілер еріксіз қауіпті әрекеттің куәгері болды.

Жас жігітті сауда орталығының күзетшілері ұстап, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді", –деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол қамауға алынды.

Сонымен қатар, белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де ұсақ бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945343-nur-sultanda-bas-tikken-zigit-sauda-ortalygynyn-suburqagyna-sekirdi-video/