Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник V" салдырған қазақстандықтар 2022 жылы қажылыққа бара ала ма

Опубликовано:

Қажылық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сауд Арабиясының билігі "Спутник V" вакцинасын салдырғандарға шекарасын ашады. Мұндай шешімді корольдіктің реттеуші органдары қабылдаған, деп жазады РИА Новости Ресейлік тікелей инвестициялар қорына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы "Спутник V" вакцинасын салдырған азаматтарға қолжетімді 102 мемлекеттің қатарына кірді.

"Елге кіру алдында "Спутник V" вакцинасын салдырған тұлғалар 48 сағаттық карантиннен өтіп, ПТР тапсыру қажет", - деді Ресейлік тікелей инвестициялар қорының өкілі.

Қордың баспасөз хабарламасында билік шешімі мұсылмандарға Мекке және Медина қалаларына қажылық жасауға мүмкіндік беретіні айтылған. Бұл екі бағыт мұсылман мемлекеттері арасында өте танымал, оның ішінде Қазақстан да бар.

Айта кетейік, осы жылы басқа мемлекеттерде тұратын мұсылмандар қажылыққа бара алмады. Себебі, коронавирусқа қарсы вакцина алу Сауд Арабиясына кірудің басты талабы болды. Алайда, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен препараттар тізімінде қазақстандықтар қабылдаған вакцина болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945364-sputnik-v-saldyrgan-qazaqstandyqtar-2022-zyly-qazylyqqa-bara-ala-ma/

pixel