Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мейрамхана жанында екі адамды көлік қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Павлодарда мейрамхана жанында екі адамды көлік қағып кетті. Видеоны куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Instagram желісіндегі tipavlo парақшасында жедел жәрдем және патрульдік полиция көліктері  түсірілген видео пайда болды.

"Омбы тас жолында, "Джучи" мейрамханасының жанындағы өткелде 2 жаяу жүргіншіні қағып кетті", - делінген видеода.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді жедел жәрдеммен №1 қалалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

"Оларға аяқ-қолдардың сынуы диагнозы қойылған, бірақ шок алмаған, естерін біледі", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер барлық қажетті емді алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945386-pavlodarda-meiramxana-zanynda-eki-adamdy-kolik-qagyp-ketti-video/

pixel