Атырауда полицияға тергеуге барып, із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылды

Опубликовано:

жігіт12
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда құқық қорғау органдарына тергеуге барып, жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылды. Бұл туралы өңірдегі полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 29 қарашада Атырау полиция басқармасына Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінен 2001 жылы туған Манас Исмаиловты тергеу туралы тапсырма түскен.

Сол күні жас жігіт полицияға келіп, сұрақтарға жауап берген. Шотындағы қаражаттың қозғалысы туралы банктен анықтама алуға кеткен ол сол күйі қайтып оралмаған.

Ал 30 қараша күні кешке ер адам жұмысынан шығып, ата-анасына үйге келе жатқанын айтқан. Алайда сол күйі үйіне бармаған.

3 желтоқсанда жоғалу фактісі бойынша іздеу жарияланған.

"Атыраулық полиция қызметкерлерінің іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт 5 желтоқсанда табылды", - деді өңірлік полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда тергеуге келген жігіт полиция ғимаратынан шыққан күйі жоғалып кеткенін жазған едік.

Кейінірек, әлеуметік желілерде жігіттің фотосы тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945406-atyrauda-policiyaga-tergeuge-baryp-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-20-zastagy-zigit-tabyldy/