Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 17 адам көз жұмды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 4 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - 4 науқастан.

Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің бірқатар өңірінде қайғылы жағдайлар болған. Тек Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған тағы 632 адам анықталдыү

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945426-otken-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-17-adam-koz-zumdy/

jitsu gif