Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 30 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

Қыс Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы -22-30 градус аязды көрсететін болады.

Ал республиканың оңтүстік өңірлерінде айтарлықтай күн салқындамайды деп болжануда.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Желтоқсан айының бірінші онкүндігінің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;
  • солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;
  • оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945430-aldagy-kunderi-elimizde-30-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/

pixel