Ақтөбе облысында заңсыз 16 казино ашқан қылмыстық топтың жолы кесілді (видео)

Опубликовано:

ойын
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе облысында 10 адамнан тұратын, құрамына Әубәкіров, Әміржанов, Дүймұханова, Бекназаров, Ізбағанбетова, Еспамбетов, Матаюпов, Сағынтаев, Таржанов және Шаграев кірген қылмыстық топтың жолы кесілген.

Қылмыстық топ 16 заңсыз құмар ойын нүктесін, атап айтқанда электрондық казинолар ұйымдастырған.

Олар "бақылаушы-менеджерлер" (кассир-операторларды бақылау) және "ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері" (қаражатты инкассациялау) болып қызметті өзара бөліскен.

Барлық тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне айналдырылып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945450-aqtobe-oblysynda-zansyz-16-kazino-asqan-qylmystyq-toptyn-zoly-kesildi-video/