Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында анасына ренжіген екі оқушы қыз үйден кетіп қалған

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Түркістан облысында жоғалған екі бірдей жасөспірім қыз табылды. Олар анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төлеби АПБ-ға жергілікті 2 әйел хабарласып, өздерінің 9-сынып оқитын қыздары мектепке кетіп, содан хабарсыз кеткенін мәлімдеген. 14 жасар қыздардың аналары өз бетінше іздеп таппаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен кәмелет жасына толмаған екі бірдей қызды табуға бірден кірісті. Баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Осылайша полицейлер табандылықпен жасалған жұмыстың нәтижесінде аз уақыт ішінде жоғалған екі қызды мегополистен тапты.

Белгілі болғандай, қыздар жоғалардан бұрын отбасында ата-анасының арасында жанжал туындаған. Осының салдарынан екі қыз өзара ақылдасып, үйден кетіп қалуды көздеген. Содан соң мектептен шығып, өздерінің жинап жүрген ақшасын алып, Шымкент қаласына қарай бағыт алған.

Өз кезегінде жасөспірім қыздардың аман-есен табылғанына қуанған аналары Төлеби полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын жеткізді. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

"Сонымен қатар қыздарыңызбен сырласып, ойын толық тыңдауға шақырады. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар", - дейді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945464-turkistan-oblysynda-anasyna-renzigen-eki-oqusy-qyz-uiden-ketip-qalgan/

pixel