Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады": БҒМ желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Мұғалім
Көрнекі сурет: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны туралы ақпарат тарауда. Желді тараған қауесетке Білім және ғылым министрлігі жауап берді, деп жазады StopFake.kz.

"Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Бірақ жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін төленетін қосымша төлемдерді алып тастайды, яғни 30 пайызға қысқарады", - делінген желідегі жазбада.

Бұл ақпаратқа қатысты білім және ғылым министрлігі пікір білдіріп, хабарламаның жалған екенін мәлім етті.

"Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтердің еңбекақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін еске саламыз.

Айта кетейік, 2020 жылы педагогтердің еңбекақысы 25 пайызға, 2021 жылы тағы 25 пайызға өсті. Бұдан бөлек, президенттің қолдауының арқасында біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50 пайызға дейін ұлғайтылды", – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге дәптерлерді тексергені және сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақының екі есеге артқанын, одан бөлек, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өтті.

Осы ретте, министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және желіде тараған қауесеттерге назар аудармауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945486-mugalimderdin-zalaqysy-30-paiyzga-qysqarady-bgm-zelide-taragan-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel