Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржылық мониторинг агенттігініне сілтеме жасап.

Ведомство агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында елорда аумағында салымшылардың қаражатын тартатын және кемінде үш жаңа салымшы тартылған кезде салым сомасының 100 пайызын қайтаруға уәде беретін "Best Road Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызмет ететіндігі анықталды" , - дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталуда.

Ведомство ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақмола мен Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945519-elimizde-qarzy-piramidasynyn-belgileri-bar-tagy-bir-kompaniya-anyqtaldy/

pixel