Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыру үшін үш мыңнан аса адам жазылған

Опубликовано:

Тәжвирус вакцина
Көрнекі фото: Julian Stratenschulte/picture alliance via Getty Images

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали бүгінгі брифингте Алматыда Pfizer компаниясының екпесін ақылы түрде салдыру үшін үш мыңнан астам адам жазылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыру үшін белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатыр. Қалада Pfizer вакцинасын салдырғысы келетіндерді тіркейтін үш медициналық мекеме белгіленді. Ресми түрде 3279 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігі бізге ресми түрде рұқсат беріп, вакциналардың дозасын анықтаған кезде ақылы түрде екпе егу басталады", – дейді Лаура Мырзағали.

Оның айтуынша, әзірге вакцинаның бағасы, сондай-ақ, вакцинацияның нақты басталатын күні белгісіз.

Лаура Мырзағалидың сөзінше, ақылы түрде вакцина алу үшін жазылған үш мыңнан астам адам бұған дейін коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Pfizer екпесін ақылы түрде алғысы келетін азаматтарға вакцинация Алматы қаласындағы 3 емханада ғана жүзеге асырылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945521-almatyda-pfizer-vakcinasyn-aqyly-turde-saldyru-usin-us-mynnan-asa-adam-zazylyp-ulgergen/

pixel