Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ басшысы Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: куәгерлерден

Мәжілістегі үкімет сағатында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 17 адамның өмірін жалмаған Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ильиннің айтуынша, қаза тапқан 17 адамның 10-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта, бір адамды яғни қорғаныс министрлігінің қызметкерін іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Төтенше жағдайларды ауыздықтауға шығатын өрт сөндірушілердің, атап айтқанда, осы нысанның міндеті – өртті жою және оның таралуына жол бермеу.

Бірақ өрт сөндіруге кіріспес бұрын әрқашан барлау жүргізіліп, нысан басшылығынан жарылыс қаупі бар-жоғы сұралады.

Бұл нысанда, оның ішінде мекеме басшылығының мәлімдемесі бойынша және Қорғаныс министрлігі басшылығының мәлімдемесі бойынша, жоғары температурада жай ғана жанып кететін және жарылмауы тиіс тротилден басқа қауіп болмаған. (...).

Бірақ, қазір тергеу шаралары барысында анықталғандай өрт шыққан қоймада тротил жарылған. Салдарынан жарылыс болған. Кім кінәлі екенін тек сот анықтайтын болады, ІІМ тергеу шараларын жалғастыруда", – дейді министр.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жарылыс болды.

Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев хабар-ошарсыз кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945544-tzm-bassysy-taraz-manyndagy-askeri-bolimdegi-zarylysqa-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel