Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шегі қайта қарала ма: Көптің сауалына министрлік жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты қорғау министрінің орынбасары Ержан Біржанов мәжіліс отырысында зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты көптің көкейіндегі сауалға жауап қатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері "депутаттардың, сарапшылардың және азаматтардың сын-пікірлерін ескере отырып, ведомство зейнетақы жинағын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін қайта қарауды жоспарлап отыр ма", деп сұрады.

"Жоқ, қарастырмаймыз...", – деп жауап берді Ержан Біржанов.

Бұл ретте ол жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі әртүрлі екенін баса айтты.

"Бұның жалақының көтерілуімен және де бірақатар өзгерістермен байланысты екенін түсінуіңіз керек. Бізде сыртқы факторлар бар. Бүгінге дейін 770 мың адамның 400 мыңы жинағын баспана сатып алу үшін пайдалана алды. Бұл жартысынан астамы", - дейді Еңбек және халықты қорғау вице-мнистрі.

Еске сала кетейік, осыған дейін БЖЗҚ төрағасы ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуы немен байланысты екенін түсіндіріп, 2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945558-zeinetaqy-zinagyn-alu-usin-zetkiliktilik-segi-qaita-qarastyrla-ma-koptin-kokeiindegi-saualga-ministrlik-zauap-berdi/

pixel