Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 72 сағатта мүгедектігі бар жандарға арналған бірегей құрылғылар жасалды

Опубликовано:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Павлодарда "Торайғыров университеті" КЕАҚ аумағында он екінші "ТОМ" мейкатоны өтті. Мейкатон - өнертапқыштар, әзірлеушілер, инженерлер мен дәрігерлердің (мейкерлер) белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған құрылғы ойлап табатын 72 сағаттық марафоны.

"TOM: Pavlodar" мейкатонының жеті командасы 99% студенттерден тұрды. Олар мүгедектігі бар жандардың күнделікті өмірін жеңілдететін құрылғыларды ұсынды.

Жеңімпаз ретінде бірауыздан Trinity командасы таңдалды. Олар ДЦП диагнозы қойылған адамдарға баспалдақпен жүруге арналған құрылғыларды ұсынды.

"Мақсатымыз өмірде қолдана алатын құрылғыны жасау болды. Біздің арнайы құрылғыларымыздың үлкен артықшылығы бар. Әзірлеуімізге тура келген нұсқаулар, сонымен қатар жоғары сапалы дайын материалдар болса, бұл құрылғыны кез келген адам, тіпті мүмкіндігі шектеулі жан да, үйінде жинай алады. Бұны Lego жиынтығы деп айта аламыз", - деді Trinity командасының капитаны Светлана Мартынова.

Екінші орынды "Торайғыров университеті" КЕАҚ-тың "Вектор" командасы иеленді. Қатысушылар ДЦП диагнозы қойылған қыз балаға арнап фиксациясы мен тобық тірегіші бар арнайы аяқ киім жасады.

Үшінші орынды екі команда өзара бөліп алды. Олар "Искра" мен "Кванториум".

ТОМ - иврит тілінен аударғанда "әлемді өзгерту"дегенді білдіреді. Қазақстанда "TOM" мейкатонының ұйымдастырушылары - ERG Еуразиялық тобының қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы болып табылады. Биыл байқауға Еуразиялық банк қолдау көрсетті.

Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Александр Наумов қосымша тағы үш команданы атап өтті. Олар: SocialProject Pavlodar, "Альтенсур" және "Жігер.Ортопедия". Бұл топтың өкілдеріне қаржы ұйымының атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылар жеңіп алған қаржыны құрылғыларын жетілдіру үшін пайдалана алады.

"Банктің стратегиясы жеке ерекшеліктерге қарамастан, адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған. Сондықтан қуана-қуана қазылар алқасының мүшесі атандым және көргендеріме қатты таңғалдым. Осы орайда мейкатонды ұйымдастырудың форматын атап өткім келеді. Бұл әртүрлі аймақтардан келген жастарға адамдардың қиындықтарын шешуге, сондай-ақ өздерінің soft skills - қарым-қатынас пен коллаборация дағдыларын жетілдіруге көмектесті", - деді Александр Наумов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945598-pavlodarda-72-sagatta-mugedektigi-bar-zandarga-arnalgan-biregei-qurylgylar-zasaldy/

pixel