Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастысы мен оны таптым": Бір-бірін 29 жыл іздеген анасы мен ұлы Шымкенттегі түрмеде қауышты

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте қатаң режимдегі ИЧ 167/2 колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам 29 жылдан кейін анасымен қауышты, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Ер адамның ата-анасы екі жасында ажырасып кеткен. Әкесімен бірге қалған ол осыдан кейін анасын мүлде көрмеген.

Анасы да ұлын қанша жерден көруге талпынғанымен, еш нәтиже болмаған.

Ер адам есейген кезде де анасын табуға барынша тырысқан, алайда ешбір әрекеті нәтиже бермеген.

Бірде түрмеге түскен соң ол анасын табуға тағы талпынып, түрме қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Арада біраз уақыт өткеннен соң, жігіттің тілегі орындалған.

"Мен іздеп көрдім, бірақ ол туралы бірде-бір ақпаратты таба алмадым, туыстарым оны менен жасырып қалды, тіпті, анамды қайдан іздеуді білмедім. Содан мен түрмеге түстім, сол кезде ойыма бірден келгені, осындағы қызметкерлерден көмек сұрау арқылы, анамды табу болды. Арада бірнеше айдан кейін олар оны тапты", - дейді ер адам.

Белгілі болғандай жігіттің өтінішінен кейін колония қызметкерлері оның анасын табу үшін барлық жаққа сұрау салып, ұзақ уақыт жұмыс істеген. Нәтижесінде, олардың бұл әрекеті ана мен баланың қаншама жылдық арманының орындалуына себепкер болған. Жауапты мамандар, екі тарап бұл жаңалықты естігенде бірден кездесуге келіскенін айтады.

Сөйтіп анасы мен ұлы арадағы 29 жыл үзілістен кейін қайта қауышқан.

"Өмірде бәрі қателеседі. Мен ұлымды ешқашан айыптамаймын. Мен оны іздедім, бірақ туыстары онымен араласуға тыйым салды. Жарайды, бұл өмір, мен ешкімді кінәламаймын. Бастысы енді мен оны таптым", - дейді әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945611-bastysy-endi-men-ony-taptym-birin-biri-29-zyl-izdegen-anasy-men-uly-symkenttegi-turmede-qauysty/

pixel