Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық журналист шетелдік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын түсінуге шақырды

Опубликовано:

той
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі журналист Ержан Байтілес қазақ қыздарының шетелдіктерге күйеуге шығуында еш сөкеттік жоқ деп санайды. Ақпарат өкілі бақытын басқадан тапқан қаракөздерді сынауды құп көрмейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Facebook-тегі жазбасында өзі көріп жүрген аралас некелі отбасыларды мысалға келтірді.

"Менің бір жеңгем татар. Енді бір ағам жапоннан әйел алды. Татар ғой - өзіміз дейік. Әрісі Алаш арыстары, берісі бізге дейін алып жатыр. Дініміз, діліміз бір. Ал жапон ше? Ағамыз Жапонияға оқуға барып, елге қайтарында жеңгемізбен келді. Құда болдық. Құйрық-бауыр жестік. Төс қағыстырдық. Бүгінде екеуінен ұрпақ өріп отыр", - дейді Ержан Байтілес.

Айтуынша, күншығыс еліндегі құдалары қызының қазаққа тұрмысқа шыққанын оң қабылдап, оның таңдауына құрметпен қараған.

Журналист шетелдік жігітпен бас қосқан қыздарды желіде талқылап, оларға ақыл айтқандарды сынады.

"Өзі бір қазақтың қызының бағын ашуға шамасы келмей тұрып бақытын басқадан тапқан қарындасын кінәлап пост жазады, пікір қалдырып, әңгіме қылады. Өзі айтуға ауыз бармайтын тірлік жасап жүргендер тегі бөлек адамға тағдыр қосқан туысын тірілей жерлейді.

Осының бәрі не? Алдымен өзің қазақтың қызын қадірлемейсің бе?! Бірінші сіңліңе жанашырлық танытпайсың ба?! Әрі-беріден соң біреудің өміріне кесім айтатын құқықты саған кім берді?!", - дейді Ержан Байтілес соңғы күндері желіде қызу талқыланған тақырыпқа қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945654-zurnalist-seteldikterge-turmysqa-syqqan-qazaq-qyzdaryn-tusinuge-saqyrdy/

pixel