Елімізде "омикрон" штамына байланысты шектеу шаралары енгізілуі мүмкін бе

Опубликовано:

Медицина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Егер вирус жылдам тарап, көптеген адам жұқтырса, ауру ауыр жағдайда өтсе, онда әрине, қосымша шектеу шаралары енгізілетін болады.

Ең бастысы ПТР-тест бұл коронавирустың "омикрон" не басқа штамм екенін анықтай алады. Емдеу тәсілі бірдей. "Омикрон" анықталған елдерде науқастарды басқа штамм жұқтырғандармен бірдей емдеп жатыр. Сол себепті мұнда жүйе дайын, клиникалық хаттамалар бар", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 545 адам тіркелген еді. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 976 327-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 165 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 23 452 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 4 744 пациент стационарда, 18 708 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 355 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945655-elimizde-omikron-stamyna-bailanysty-sekteu-saralary-engizilui-mumkin-be/