Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабірін өзіне қазғызған": Әлдекімнің құпиясын ашқан бойжеткен ажал құшты

Опубликовано:

Мүрде
Көрнекі фото: pixabay.com

Бразилия тұрғыны Аманда Альбах жағажайда оқ жарақатынан қайтыс болды. Күдікті оны өз қабірін қазуға мәжбүрлеген, деп жазады The Sun.

Басылымның жазуынша, Фазенда-Рио-Грандада тұратын бойжеткен досының туған күніне Санта-Катаринаға келген.

Алайда 21 жастағы бразилиялық ару 14 қарашадан бастап байланысқа шықпаған.

Осы уақытта оны полиция іздеген. Ал 5 желтоқсан күні адам өлтірді деген күдікпен екі ер адам мен әйел ұсталған.

Күдіктілердің бірі қыздың мәйіті көмілген жерді көрсетіп, оны өлтіргенін мойындаған. Бойжеткеннің денесі Ирапируба Норте де Лагуна жағажайынан табылған.

Ұсталған күдікті азаматтың сөзінше, ол марқұмды 15 қараша күні атып жаралап, кейін өзіне қазғызған қабірге көміп кеткен.

Себебі, Аманда Альбах оны есірткі сатумен айналысты деп айыптаған. Күдіктінің айтуынша, бойжеткен құпияны өзге тұлғаларға айтып қойған.

Қазір бұл істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945656-qabirin-ozi-qazgan-aldekimnin-qupiyasyn-asqan-boizetken-azal-qusty/

pixel