Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір мезетте үш тұлғаның портретін қатар салған жас суретші елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

портрет
Видеодан кадр: Instagram/assolyaa

Алматылық суретші Әсел Бекжан үш тарихи тұлғаның портретін бір мезгілде салып, көпшілікті таңғалдырды. Ол "Алаш" партиясының негізін қалаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың бейнесін арнайы өзі ойлап тапқан технологияға сүйене отырып, қарындашпен орындаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кәсіби суретші желіде "хит" болған ерекше туындысын тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнағанын айтты.

"Желтоқсан айында есімдері ондаған жылдар бойы қараланып, ел есінен өшуге шақ қалған тұлғаларды еске түсірейік. Сондықтан мен Алаш партиясын құрушылардың портреттерін салдым",- деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары суретшінің өнеріне тәнті.

"Ерекше таланттысың!", "Бәрекелді! Бірден үшеуін салғаныңа қарағанда бұл кісілердің жан дүниесінен бөлек сырт келбеттері де ұқсас болғаны ма? Сөз жоқ талантыңа", "Қалай салған?! Мүмкін емес", - деп жазды пікір білдіруші қауым.

Әселдің бұдан басқа да туындылары жастар арасында кеңінен танымал. Ол Бауыржан Момышұлы, Батырхан Шүкенов, Геннадий Головкин сынды ел мақтаныштарының суретін салу арқылы көпшілік жүрегіне жол тартты.

Қылқалам шебері бойындағы қабілетін бала кезден шыңдағанын айтады.

"Алматы қаласында дүниеге келдім, кәсіби суретшімін. Тоғыз жасымда отбасымызбен елордаға көшкенбіз. Сол жақта суретшілік өнерімді шыңдай түстім. Алдымен көркемсурет мектебінде, кейін колледжде, содан соң, университетте білім алдым. 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Жарым Нұрдәулетпен бірге үш жасар ұлымызды тәрбиелеп отырмыз. Осы орайда, менің шығармашылығымды түсініп, үнемі қолдау көрсететін жолдасыма рахмет айтамын", - дейді ол өзін аз-кем таныстыра келе.

Әселдің айтуынша, бір картинаны салу үшін орта есеппен екі аптадан бір айға жуық уақыт кетеді. Ал суретті мейілінше жылдам бітіру керек болса, 2-5 күн аралығында дайындауға да болады.

Әсел Бекжан көптеген республикалық және халықаралық байқауларда жүлдеге ие болған. Ол 2012 жылы "Ernst & Young" компаниясы өткізген конкурсқа қатысып, екі картинасы жүлделі бірінші және екінші орын алған. Бүгінде аталған картиналар Лондонда, компанияның кеңсесінде ілулі тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945708-bir-mezette-us-tulganyn-portretin-qatar-salgan-zas-suretsi-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel