Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда бүтін бір отбасы улы газдан уланып қалды

Опубликовано:

Пеш
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы улы газдан уланып қалды. Ұйқысынан оянып кетіп, жылаған бала қайғылы оқиғаның алдын алған. Бұл туралы Тайыншы ауданы төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің басшысы Жанат Донанов айтты, деп жазады Петропавловск.news.

3 желтоқсанда отбасы көмірқышқыл газынан уланған. Жанат Донановтың сөзінше, төтенше жағдайлар бөліміне ауруханадан қоңырау түскен.

Қабылдау бөліміне ерлі-зайыптылар мен олардың үш баласы түкені хабарланған.

"Қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы тұрақты деп бағалануда", - деді Жанат Донанов.

Төтенше жағдай түнгі уақытта болған. Жанұяны түнде жылаған бала құтқарып қалған.

Бүлдіршіннің жылағанынан анасы мен үлкен қызы оянып кетіп, тамағының жыбырлағанын сезінген. Олардың бәрі жеңіл дәрежеде уланып қалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында төрт адам газдан уланып қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945718-soltustik-qazaqstanda-butin-bir-otbasy-uly-gazdan-ulanyp-qaldy/

pixel