Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам өлтірді деп күдікке ілінген қазақстандық 22 жылдан кейін шетелде қолға түсті

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: hour24.ru

22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен ер адамды павлодарлық жедел уәкілдер Дағыстанда ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасының аумағында Екібастұз қаласында кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Ұсталған күдікті қамауға алынды.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов растап отыр.

"1999 жылы 4 сәуірде сағат 19.00-де Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жастағы жігіт оқ атып, Екібастұз қаласының 36 жастағы тұрғынын өлтірген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам тергеу органдарынан жасырынғандықтан, іздеу жарияланды", – деді ол.

Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды. Олардың қатарында ұрлық, төрт қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру секілді қылмыстар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945720-adam-oltirdi-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-22-zyldan-keiin-setelde-qolga-tusti/

pixel