Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқандар жауапқа тартылды

Опубликовано:

жұмысшы
Көрнекі фото: Sputnik / Павел Лисицын

Алматыда "Келімсек" іс-шарасы барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 қазақстандық жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті. Алматыда 6 желтоқсаннан бастап қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында "Келімсек" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

"Іс-шараның бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 306 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 234-і Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетел азаматтары.

Сот шешімімен 24 шетелдік елден шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 64 қабылдаушы тарап жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 8 жұмыс беруші жауапқа тартылды", – дейді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945736-seteldik-zumys-kusin-zansyz-tartqandar-zauapqa-tartyldy/

jitsu gif