Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылу трассасы жарылды: Оқиғаның салдары қашан жойылады

Опубликовано:

Алматы жылу трассасы
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

"Алматы жылу желілері" ЖШС Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жылу трассасы жарылуы салдары қашан жойылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс бүгін, 7 желтоқсанда сағат 22:00-де аяқталады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жылу трассасы жарылғанын жазған едік.

Жылу трассасындағы апатқа байланысты Алматы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Жылу трассасының жарылуына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін батыс бағыттағы қозғалыс жабылды. Шектеу жол төсемдері қалыпқа келгенше сақталады", - дейді полициядан.

Ал әкімдік ыстық су беру қалпына келтірілгенін айтты.

"Ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жол полициясы көлік қозғалысын реттеп жатыр, қалалықтардан өз бағытын реттеп, аталған учаскені айналып өтуді сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945738-almatyda-zylu-trassasy-zaryldy-oqiganyn-saldary-qasan-zoiylady/

pixel