Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 1 млн долларға жуық жалған ақша өртелді

Опубликовано:

Жалған ақша
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі көлемде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 2020 жылдың соңында шетел валютасы тәркіленді. Қызметкерлер тест ретінде сатып алу жүргізді, оның барысында 293 мың АҚШ доллары сомасындағы жалған банкноттарды сатпақ болған қала тұрғыны К. ұсталды", - деді қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу нұсқасына сәйкес, К. 2020 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін номиналы 100 АҚШ долларын құрайтын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.

Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.

Жасанды купюралар бүгін жойылды. Жалған ақша жасаушының өзі 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945748-almatyda-1-mln-dollarga-zuyq-zalgan-aqsa-orteldi-video/

pixel