"Арзан пәтер әперемін": Семейде алаяқ әйел тұрғындарды алдап кетті

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: Елорда әкімдігі

Семей қаласының тұрғындарын алдап, 10 млн теңгеге жуық пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, "102" жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретіндігін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.

"Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады", - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945751-arzan-pater-aperemin-semeide-alayaq-aiel-turgyndardy-aldap-ketti/