Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қар тазалағыш көлік қаққан әйел қаза тапты

Опубликовано:

Трактор
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын көліктің астында қалған егде жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай 7 желтоқсан күні 15:45-те Нұрғиса Тілендиев көшесінің бойында орын алған.

"Жүргізуші тротуармен келе жатқан 65 жастағы әйелді байқамаған. Алған жарақатының салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945785-nur-sultanda-qar-tazalagys-kolik-qaqqan-aiel-qaza-tapty/

pixel