Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде коронавирустың "омикрон" штамы анықталды

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Ресей федерациясында коронавирустың алғаш рет "омикрон" штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресей аумағынан "омикрон" штамы анықталғанын Роспотребнадзордың баспасөз қызметі растап отыр.

"ОАР-дан ұшып келген қос азаматтың ПТР тесті бірінші тәулікте оң нәтиже көрсетті. Роспотребнадзор ғылыми-зерттеу институты жүргізген тексеріс нәтижесінде олардың "омикрон" шатммн жұқтырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталған. Қазіргі кезде олар оқшауланған. Мамандар штамдарды анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945790-reseide-koronavirustyn-omikron-stamy-anyqtaldy/

pixel