Ресей қазақстандықтар үшін елге кіру ережесін өзгертті

Опубликовано:

әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

COVID-19 жаңа штамының таралу қаупіне байланысты Ресей қазақстандықтар үшін елге кіру ережелерін өзгертті. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

Атап айтқанда, ПТР сынағы нәтижесінің жарамдылық мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарды.

"Қазақстан және шет мемлекеттер азаматтары үшін Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде коронавирусқа ПТР сынамасының теріс нәтижесі туралы анықтама талап етіледі, оның жарамдылық мерзімі нәтиже шекарадан өтуге дайын болған сәттен бастап 48 сағаттан аспауы тиіс", – деді елшілік.

Барлық ереже туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945811-resei-qazaqstandyqtar-usin-elge-kiru-erezesin-ozgertti/