Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мемлекетке 150 млн теңгеден астам залал келтіргендер сотталды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдыру үшін жарамсыз мәмілелер жасасқан қылмыстың жолын кесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс «Stop-обнал» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған. Адамдар тобы қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасасқан.

«Бұл мақсатта алдын ала уағдаласып, серіктестіктердің бірінің атынан облыстың 20-дан астам компаниясына салық төлеуден жалтару бойынша «қызмет» көрсеткен. Жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берген. Жасалған жұмысы үшін әрбір мәміленің жалпы сомасының 4-6%-на дейін сыйақы алып отырған.

Салдарынан мемлекетке 150 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен серіктестік басшысымен бірге 5 адам Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-бөлігімен бір жылға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті департаменттен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945813-qyzylordada-memleketke-150-mln-astam-tengege-zalal-keltirgender-sottaldy/

pixel